Мемлекет басшысы мұнай-газ саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар тұсаукесерімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 21 шілде күні мұнай-газ саласындағы шетелдік әріптестермен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар және күз-қыс маусымына дайындық шараларына арналған тұсаукесермен танысты.

    Өзбекстанда өсіп келе жатқан сұранысқа сай энергетика саласы жүйелі түрде дамытылуда. Мемлекет басшысының шетелдік сапарлары және осы сапарлар аясында өткен бизнес-форумдар нәтижесінде көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

    Атап айтқанда, Әзербайжанның «Socar» компаниясымен бірлесіп, Үстірттегі кен орындарында барлау жүргізіп, мұнай өндіру бойынша келісімге қол жеткізілді. Болашағы зор учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізу жоспарланған.

    Сондай-ақ, басқа шетелдік мемлекеттермен күрделі кен орындарын игеру, саланы цифрландыру, жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау сияқты маңызды бағыттарда да ынтымақтастық орнатылған.

    Таныстырылым барысында жауапты сала өкілдері әріптестік аясында атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

    Мемлекет басшысы болашағы бар кен орындары бойынша нақты жобаларды қалыптастыру, геологиялық барлаудан бастап дайын өнім алуға дейінгі толық тізбекті жолға қою жөнінде тапсырмалар берді.

    Сондай-ақ, қолданыстағы шетелдік және бірлескен кәсіпорындарда жаңа бұрғылау әдістерін қолдану, ұңғымалардың тиімділігін арттыру арқылы мұнай мен газ өндіру көлемін көбейту қажеттігі атап өтілді.

    Жиында күз-қыс маусымына дайындық мәселелері де қаралды. Сала мамандары осы кезеңге жеткілікті мөлшерде энергия өндіру, газ қоймаларында қор жинау және теңгерімді жеткізіп беру бойынша шаралар қабылданып жатқаны жөнінде ақпарат берді.

    Атап айтқанда, «Таллимаржан» жылу электр станциясында қуаттылығы 1065 мегаватт болатын екі бу-газ қондырғысы, Сырдарияда қуаттылығы 1573 мегаватт болатын жылу электр станциясы салынуда. Олардың жалпы қуаты жылына 20 миллиард киловатт-сағатты құрайтын болады.

    Биыл сондай-ақ Ташкент, Наманган, Қашқадария және Сұрхандария облыстарында жалпы қуаттылығы 162 мегаватт болатын жаңа су электр станциялары іске қосылады. Бұл станциялар жылына 648 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Аталған қуаттар, ең алдымен, халқымыздың қажеттілігі мен өсіп келе жатқан экономика сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Қазіргі уақытта тиісті желілер мен қосалқы станцияларды жөндеу жұмыстары да басталған. Жылу электр станцияларының тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті отын, қосалқы және ауыстырмалы бөлшектердің қоры жасақталуда.

    Жиын қорытындысында сала инфрақұрылымын жүйелі түрде жаңғыртып, энергиямен жабдықтаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер айқындалды.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates