Өзінің қайталанбас таланты мен нәтижелі шығармашылық қызметі арқылы заманауи өзбек ән өнерін дамытуға, атап айтқанда, ұлттық эстрада орындаушылығын жаңа деңгейге көтеруге қосқан өлшеусіз үлесі, мәдениетіміздің даңқын әлем халықтары арасында кеңінен насихаттау, бай рухани мұрамызды сақтап, қадірлеу жолындағы зор еңбегі, сондай-ақ «Ялла» ансамблінің негізін қалап, оны халықаралық деңгейде мойындалған беделді шығармашылық ұжымға айналдырғаны, жас дарын иелерінің қабілеттерін ашу, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық, жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет рухында тәрбиелеу жолындағы үлгілі еңбектері үшін және 80 жылдық мерейтойына орай «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Закиров Фаррух Каримович «Буюк хизматлари учун» орденімен марапатталсын.


Өзбекстан Республикасының Президенті

Ш. Мирзияев