Кездесу басында министр Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Шейх Мұхаммед Әл Наһаянның, БАӘ Премьер-министрі әрі Дубай әмірі Шейх Мұхаммед Әл Мактумның, Вице-президент Шейх Мансур Әл Наһаянның және Әбу-Даби Әмірлігінің тақ мұрагері Шейх Халид Әл Наһаяннің сәлемі мен ең ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарының қарқынды дамып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

Тараптар тауар айналымының, инвестициялар көлемінің және бірлескен кәсіпорындар санының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті. Бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында БАӘ компанияларымен бірқатар жаңа келісімдерге қол қойылуы күтілуде.

Сондай-ақ «жасыл» энергетика, жанармай өндірісі, көлік, логистика, жасанды интеллект, цифрландыру және басқа да бағыттардағы ірі жобаларды жеделдету жөнінде келісімге қол жеткізілді.