Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қаралды.
Екіжақты серіктестіктің барлық бағыттарында жоғары қарқын сақталып отырғаны атап өтілді. Өзара тауар айналымы тұрақты өсіп келеді, ал энергетика, өнеркәсіп, ауыл және су шаруашылығы салаларындағы кооперациялық жобалар белсенді кезеңде жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды қамтитын жаңа бастамаларды әзірлеудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.