Сіздерді Жайықтың жағасында, Шығыстың жауһары – көне Хиуа қаласында өтіп жатқан музыка мен өнер мерекесі – “Лазги” III халықаралық би фестивалінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ сияқты беделді халықаралық және аумақтық ұйымдардың өкілдеріне, шетел мемлекеттерінің құрметті елшілеріне, танымал өнер қайраткерлеріне, ғалымдар мен мамандарға, барлық қатысушыларға өзімнің терең құрметімді білдіремін.

Аталған шараға қонақжайлық танытып отырған ежелгі әрі қайталанбас  Хорезм халқын ерекше құттықтап, ізгі тілектерімді жолдаймын.

Осындай шуақты көктем күндерінде, мәңгілік әрі өшпес “Лазги” әуенімен өтіп жатқан бұл әсем мереке баршамызға құтты болсын!

Қадірлі форум қатысушылары!

Үш мың жылдан астам даңқты тарихы мен мәдениеті бар халқымыздың жан дүниесін, оның нәзік сезімдерін таңғаларлық деңгейде көркем қимылдар арқылы бейнелейтін бірегей өнер жауһары – “Лазги” атауымен белгілі халықаралық би фестивалінің түрлі халықтар арасында тиімді мәдени диалог алаңына айналып келе жатқаны баршамызды қуантады.

Дәл осындай теңдессіз қасиеттерінің арқасында бұл бірегей өнер туындысы 2019 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне лайықты түрде енгізіліп, халықаралық деңгейде барған сайын жоғары бағаланып келеді.

Соңғы жылдары Өзбекстанның Ұлттық балет труппасы ұсынған “Лазги. Махаббат пен жүрек биі” балеті әлемнің беделді сахналарында табысты қойылып келе жатқаны да осы пікірді дәлелдейді.

Қазіргі таңда Жаңа Өзбекстанда мәдениет пен өнердің дамуына басымдық берілуде. Атап айтқанда, ұлттық би өнерін өркендету, осы салада жоғары білікті кадрлар даярлау бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Әсіресе, хореография саласында заманауи білім беру жүйесінің енгізілуі, әйгілі “Бахор” ансамблінің қызметі қайта жандандырылуы, “Лазги” ансамблі мен басқа да шығармашылық ұжымдардың қолдап-қуатталуы  ерекше атап өтуге тұрарлық.

“Лазги” халықаралық би фестивалі еліміздің мәдени дипломатиясында маңызды орын алатын стратегиялық платформа болып табылады. Бұл конференция халықаралық мәдени бренд ретінде қалыптасып, оның географиясы мен қатысушыларының саны жылдан жылға артып келе жатқаны, бүгінгі фестивальге әлемнің ондаған елдерінен жүздеген өнерпаздар, би ұжымдары, ғалымдар мен сарапшылар қатысып отырғаны мақтауға лайықты.

Біз жастар арасында классикалық өнерімізге деген қызығушылықты одан әрі арттыру, оларды ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетін дамытуда “Лазги” биін шеберлік пен тәжірибе мектебі ретінде пайдалануды жалғастырамыз.

Осындай игі мақсаттарға қызмет етіп отырған халықаралық фестивальдің беделі алдағы уақытта да арта түсіп, әлемдік мәдени өмірде лайықты орын алады деп сенемін.

Сіздерді бүгінгі өнер мен мәдениет мерекесімен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, өнер әлемінде жаңа жетістіктер мен жеңістер, ал конференция жұмысына табыс тілеймін.

 

Шавкат Мирзияев,

Өзбекстан Республикасының Президенті