Сапарын бастамас бұрын Мемлекет басшысы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаллыбек Камаловтың шаңырағына барды. Құран оқылып, марқұмның рухына бағыштап дұға жасалды.
Президент марқұмның өнегелі өмір жолын, игі істерін және елдің өркендеуіне қосқан үлесін еске алды. Өткендердің рухына құрмет көрсету, үлкендерді ардақтау кейінгі ұрпақ үшін тағылым екеніне тоқталды.
Биыл ақпан айында қайтыс болған Қаллыбек Камалов ұзақ жылдар бойы Қарақалпақстанда басшылық қызметтер атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетуге, халықтың тұрмысын жақсартуға елеулі үлес қосты.
Кейінгі жылдары ақсақалдар қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде қарттарды қолдау, қоғамдағы ынтымақты нығайту және жастар тәрбиесіне белсенді атсалысты. Еңбегі «Шуҳрат» медалі және «Эл-юрт ҳурмати» орденімен бағаланған.