Кездесуге
Түркия Республикасының Қарулы Күштерінің жоғары лауазымды өкілі де қатысты.
Жоғары
деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында екі елдің қорғаныс
ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері
талқыланды.
Әскери-техникалық
серіктестіктің жүйелі түрде дамып келе жатқаны, соның ішінде ведомствоаралық
байланыстардың кеңейіп, бірлескен іс-шаралардың ұйымдастырылып, әскери
мамандардың даярланып жатқаны ерекше атап өтілді.
Сонымен
қатар, әскери саладағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге деген ұмтылыстың
берік екені айтылды.