Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
кезекті отырысы аясындағы іс-шараларға бақылаушы мемлекет жетекшісі
мәртебесінде қатысады.
Саммиттің күн тәртібіне ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты
одан әрі кеңейту мәселелері енгізілген. Сондай-ақ практикалық серіктестіктің
басым бағыттары қарастырылады.