Кездесу басында Олжас Бектенов Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелері қаралды.
Барлық деңгейдегі белсенді диалогтың қарқыны жоғары бағаланды. Тараптар тауар айналымының артып келе жатқанын атап өтіп, жуырда қабылданған жаңа «жол картасы» негізінде экономиканың басым салаларындағы кооперациялық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатқанын айтты.
Сондай-ақ шілде айында өтетін Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына және Ақтау қаласында ұйымдастырылатын өңір басшыларының алғашқы Кеңесіне жан-жақты дайындалу маңызды екені атап өтілді.