Оман Сұлтаны Мемлекет басшысын жылы қарсы алып, бұл сапар екі ел халқының мүддесіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Президентіміз көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс айтып, сапар өзара қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.

Кейінгі жылдары Өзбекстан мен Оман арасындағы байланыстардың қарқынды дамып, саяси диалогтың нығайып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жүйелі түрде кеңейіп келе жатқаны айтылды.