«Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Бүгін Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады.
Саммитке қатысушы делегациялар басшылары Түркістан қаласындағы тарихи ескерткіштер және мәдени нысандармен танысатын болады.