Кездесу барысында биыл 11 қарашадан бастап қызметіне кірісетін Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы алдында тұрған басым міндеттер, Өзбекстан мен ұйым арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ 2027 жылы Өзбекстанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне тыңғылықты дайындық жүргізу, оны жоғары деңгейде әрі мазмұнды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Мирвохид Азимовты жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы ретіндегі жұмысына табыс пен толайым жетістіктер тіледі.