Оған «Узкосмос» агенттігінің директоры Шухрат Қодиров та қатысты.
Шара барысында Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан арасында «Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастық әлеуетін дамыту бойынша ғарыш өнеркәсібі саласындағы алғашқы келісім» құжатына қол қойылды.
Аталмыш құжат Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында ғарыштық технологиялар, жасанды жерсеріктерді әзірлеу, ғылыми зерттеулер, өнеркәсіптік кооперация және әлеуетті арттыру бағыттарындағы институционалдық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды, дейілген «Ўзбеккосмос» агенттігінің хабарында .