Өзбекстанда интенсивті әдіспен балық өсіруді кеңейтіп, жылына 1 миллион тонна балық өндіру міндеті жүктелген. Таныстырылымда осы межеге жету үшін мелиорациялық тік ұңғымалардың мүмкіндіктерін пайдалану жоспарлары Әндіжан облысының «Балиқчи» ауданы мысалында қаралды.
Аудандағы 24 ұңғыманың айналасында шабақ пен жем-шөппен қамтамасыз етуден бастап, балық өсіру, өңдеу, сақтау және сатуға дейінгі барлық үдерісті қамтитын интенсивті балық шаруашылығы кешендерін құру жоспарланған. Әрқайсысының аумағы 50 сотық болатын жобада жылына кемінде 30 тонна бақтақ өсіру және 10 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Жобаларды бірыңғай жүйе бойынша басқару үшін балық шаруашылығы холдингін құру ұсынылды.