Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда көлемі артып, ірі инвестициялық жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Кездесуде «Cengiz Holding» компаниясымен энергетика, геология және инфрақұрылым салаларындағы жобаларды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жылу электр станцияларын салу және электр энергиясын тарату желілерін жаңғыртуға бағытталған перспективалы жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.