Шынайы әрі ашық әңгіме барысында екіжақты қатынастарды дамыту және оларды нақты мазмұнмен байыту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың нәтижесінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастық мүлде жаңа кезеңге көтерілгені атап өтілді. Атап айтқанда, жыл басынан бері тауар айналымы 15 пайызға өсіп, бірлескен кәсіпорындар саны 50-ге жетті. Әртүрлі деңгейдегі белсенді байланыстар жалғасуда.
Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Өзбекстанда жүрген «Petronas» корпорациясы делегациясымен жүргізіліп жатқан келіссөздердің маңыздылығына тоқталып, экономиканың түрлі салаларындағы стратегиялық жобаларды жүзеге асыруды жеделдету қажеттігін атап өтті.
Атап айтқанда, мұнай-химия, жоғары технологиялар, ауыл шаруашылығы, машина жасау, фармацевтика және басқа да басым бағыттардағы жобаларды ілгерілету мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Кездесу барысында исламдық қаржы, өңіраралық байланыстар, зиярат туризмі, тікелей әуе қатынастарының санын арттыру және мәдени алмасулар салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі де талқыланды.
Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагимді Өзбекстанға айрнайы сапармен келуге шақырды.