Кездесу басында жоғары мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Сербия Президенті Александар Вучичтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты 2025 жылғы қазан айында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында одан әрі нығайту перспективалары қаралды.

Үкіметтер, парламенттер және іскер топтар деңгейіндегі байланыстардың жандана түскені, сондай-ақ гуманитарлық алмасудың кеңейіп келе жатқаны атап өтілді.

Тауар айналымын ұлғайту, машина жасау, фармацевтика, химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да маңызды салаларда кең ауқымды кооперациялық бағдарламаны әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Экономикалық ынтымақтастықтың күн тәртібін ілгерілету мақсатында биыл Белград қаласында Үкіметаралық комиссияның алғашқы отырысын өткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ұйымдастырылған еңбек көші-қоны, мәдениет және білім беру салаларындағы серіктестік мәселелері де қаралды.

Тараптар аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің жоспарын талқылады.