Нижний Новгородта мигранттарға еңбек патентін беру тоқтатылды

    Үстіміздегі жылдың 1 октябрінен бастап Нижний Новгород облысына визасыз барған шетелдік азаматтарға, соның ішінде Өзбекстан азаматтарына, еңбек патентін беру тоқтатылды.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің ақпарат қызметі хабарлады.

    Ақпараттарға орай, осы аумақта бұрын патент алған азаматтар жұмысын жалғастырып, қажет болған жағдайда бұл құжатты қайта рәсімдей алады.

    «Қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

    Өзбекстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы: +7 (843) 526-55-63,

    Өзбекстанның Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің Мәскеудегі өкілеттігіне: +7 (925) 045-47-44, +7 (926) 162-94-95", - делінген хабарламада.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates