Нодирбек Абдусаттаров әлемдегі ең үздік 30 шахматшының қатарына енді

    Спорт 8 Sentabr 2022 498

    Өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Абдусаттаров Халықаралық шахмат федерациясының  август айындағы рейтингінде әлемнің ең  үздік 30 шахматшысының қатарына енді.

    Шахматшы бір айдың ішінде 64-орыннан 30-шы орынға көтеріліп, рейтингін 2677-ден 2713-ке дейін көтерді, осылайша Өзбекстан тарихындағы Рустам Қасымжановтан кейінгі 2700-ден көрсеткіштен озған екінші шахматшы атанды. Ал Магнус Карлсен бірінші орынды алды.

    Бұл Нодирбек Абдусаттаровтың жас та болса талай жеңістері мен марапаттарға қол жеткізуінің көрінісі. Ол август айында өткен шахмат олимпиадасында 11 раундта 8 жеңіске жетіп, 3 рет тең түсіп, бір рет қана жеңілген.

    Isbank Turkish Super League халықаралық турниріне де спорт клубы ретінде нәтижелі қатысты. Команда 13 турдан кейін екінші орынды иеленсе, шахматшы 11 кездесуде 9 ұпай жинап, екінші тақтаның үздігі атанды. Сонымен қатар, ФИДЕ 100 рейтингінде алғаш рет өзбекстандықтардың саны төртеуге жетті.

    Тағы үш өкіліміздің нәтижелері де назар аударуға тұрарлық: Рустам Қасымжанов – 72, Нодирбек Якуббоев – 89, Жавахир Синдоров – 92 орын.