Нодирбек Абдусатторов “Tata Steel Chess India” турнирінде көш бастап келеді

    Үндістанның Калькутта қаласында өтіп жатқан «Tata Steel Chess India» шахмат турнирінің рапид бағыты бойынша артта қалған 3 тур ойындарынан соң жерлесіміз Нодирбек Абдусатторов 2,5 ұпаймен көш бастады.

    Кеше өткізілген 1-турда Н. Абдусаттаров қара фигураларда FIDE туы астында жарысқа қатысып жатқан ресейлік Данил Дубовпен тең түсті. 2-турда германиялық Винсент Каймерге қарсы өткен кездесуде де Нодирбек қара фигураларда өткізуіне қарамай, жеңіске жетті. 3-турда ақ даналарда үндістандық Рамешбабу Прагнанандха үстінен шешуші жеңіске жетті.

    Бұл ойындардың нәтижесінде жерлесіміз 2,5 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұрса, кейінші сатылардан орын алған үндістандық Сунилдат Нараянан, америкалық Уэсли Со және бұрынғы әлем чемпионы Магнус Карлсен 2 ұпаймен Нодирбек Абусаттаровтың ізінен келеді.

    Бүгін, 14 ноябрь күні халықаралық турнир бағдарламасы бойынша 4, 5 және 6- тур ойындары өтеді. Бір қызығы, осы үш турда да Абдусаттаров үнділік шахматшылармен күш сынасады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates