Шарада Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі директорының орынбасары Умида Тухташева мен Өзбекстан Нотариал палатасының төрағасы Дилшод Ашуров нотариат саласында жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында нотариат саласы ашық әрі жемқорлықсыз жүйеге айналып келе жатқаныні сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жүргізілген жүйелі істерді жалғасытыру қажет екенін атап өтті.
Осы орайда олар Нотариал палата мен халық ең жақын және дұрыс байланыста болатын жекменшік істермен айналысатын нотариустармен ынтымақтастық тиімді болатынын баса айтты.
Осыдан кейін "Нотариустар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" байқауының жеңімпаздары жаряланды.
Өзбекстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Өзбекстан Нотариал палатасының және «Нотариус кеңесі» газетінің басшысы мен қызметкерлерінен құралған Қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Әндіжан облысы, Асака ауданында жекеменшік практикасымен айналысатын нотариус Нодирбек Хоналиевтің дайындаған бейнеролигі лайық деп табылды.
Шыршық қаласындағы жекеменшік практикамен шұғылданатын Хилола Ғаниева дайындаған бейнеролик екінші орынды иеленді. Наманган қаласындағы жекеменшік практикамен айналысатын нотариус Мухаммед Бобир Турсунқуловтың дайындаған видеоролигі үшінші орынға ие болды.
Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың сентябрь айында Өзбекстанның Нотариаттық палатасы ISO сертификатын алып, Өзбекстандағы ББҰ-лар арасында бұл сертификатты алған алғашқы ұйым болып танылған болатын.








