The New York Times газетінің мәліметінше, АҚШ Қорғаныс министрлігі Таяу Шығысқа шамамен 2000 десантты жіберуді бұйырған.
Газет дерегіне сүйенсек, элита 82-әуе-десант дивизиясының “жедел әрекет ету күштері” жеке құрамы Таяу Шығысқа орналастырылады. Парашютшылар “Иранға жақын жерде” орналасады, деп хабарлайды tass.ru.
Өткен аптада Fox News телеарнасы USS Boxer әмбебап десант кемесі және 11-теңіз жаяу әскер экспедициялық бөлімшесі басшылығымен шамамен 4,5 мың теңізші мен теңіз жаяу әскерінен тұратын амфибиялық-десанттық топ Таяу Шығысқа аттанғанын хабарлаған еді.
Начало формы