Соңғы жылдары елiмiзде адамның қадiр-қасиетiн, құқығы мен мүддесiн қамтамасыз ету, қоғамымызда тыныштық, достық және ынтымақ ортасын нығайту, халықты, әсiресе мұқтаж топтарын әлеуметтiк қорғау мақсатында жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформалардың арқасында қасиеттi ислам дiнiнiң гуманистiк мәнiн, өзара татулық, жомарттық және шүкiршiлiк идеяларын бейнелейтiн мүбарак Рамазан айы халқымыздың жүрегiне өте жақын және қасиеттi күнге айналуда.
Қоғамдық және рухани өмiрiмiздегi орны мен маңызы барған сайын артып келе жатқан Рамазан айын қарсы алу, оны жоғары деңгейде өткiзу, дiни-ағартушылық және мәдени құндылықтарымызды сақтау мен дәрiптеу мақсатында:
2026 жылы мүбарак Рамазан айының басталуы 19 февраль күнiне тура келетiнi туралы Өзбекстан мұсылмандар кеңесiнiң ақпараты мәлiмет ретiнде қабылдансын.
Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесi, облыстар және Ташкент қаласы әкiмдiктерi Дiн iстерi бойынша комитет, Өзбекстан махаллалар бiрлестiгi, Әлеуметтiк қорғау ұлттық агенттiгi, Өзбекстан ардагерлерiнiң әлеуметтiк қызметiн қолдау “Нуроний” қоры және басқа да серiктес ұйымдармен бiрлесiп, елiмiзде Рамазан айын ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға сәйкес өткiзу iс-шараларын жүзеге асырсын.
“Рамазан — мейiрiм-шапағат, татулық және шүкiршiлiк айы” деген iзгi идеяға сүйене отырып:
табысы аз, мұқтаждарға және әлеуметтiк қорғауға мұқтаж адамдарға жан-жақты қолдау көрсету;
махаллаларды өзара құрмет, ынтымақ, әдiлеттiлiк және тәрбие орындарына айналдыру;
жердi, суды, ауаны және табиғи ортаны сақтау, қасиеттi және зиярат орындары мен зираттарды абаттандыру;
Рамазан айына байланысты шараларда ысырапқа жол бермей, ықшам, мағыналы және үнемдi түрде өткiзуге ерекше назар аудару қажет.
Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясына, Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттiгiне, тағы басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына Рамазан айына байланысты шараларды кеңiнен жарыту ұсынылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау мiндетi Өзбекстан Республикасының Премьер-министрi А.Н.Ариповке және Өзбекстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi Р.Қ.Давлетовке жүктелсiн.
Өзбекстан Республикасы Президентi
Ш.МИРЗИЯЕВ
Ташкент қаласы,
2026 жылғы 16 февраль