АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жоғары лауазымды тұлғалармен жабық брифингте Вашингтонның Гренландияға басып кіру ниеті жоқ, керісінше, мақсаты аралды Даниядан сатып алу екенін айтты, деп хабарлайды Wall Street Journal ақпарат көздеріне сүйеніп.
«Мемлекеттік хатшы Марко Рубио заң шығарушыларға әкімшіліктің Гренландияға жасаған соңғы қоқан-лоққылары жақын арада басып кіруді көрсетпейтінін және мақсат Даниядан аралды сатып алу екенін айтты», - деп жазды басылым.
Рубионың айтуынша, Ақ үй өз мәлімдемелерінен Данияны келіссөздерге кірісуге қысым жасау үшін пайдалануда, деп хабарлады ria.ru.