Шара Өзбекстан Республикасының Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Халықаралық миграция ұйымының ынтымақтастығымен ұйымдастырылды.
Оған мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, сот-құқық жүйесінің, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты.
Конференция адам саудасына қарсы күрес саласында қол жеткізілген нәтижелерді талдауға, жаһандық қатерлерді талқылауға, сондай-ақ ұлттық және аймақтық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындауға арналған маңызды халықаралық диалог алаңына айналды. Конференцияда адам саудасының заманауи қауіптер, атап айтқанда, цифрлық технологиялар, онлайн жалдау платформалары, алаяқтық схемалары және трансұлттық қылмыстық желілердің қызметі салдарынан туындап жатқан жаңа қауіптерге ерекше назар аударылды.

Биыл Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай жарияланған «Алаяқтықтың тұзағына түскендер» атты жаһандық тақырып аясында цифрлық кеңістіктегі эксплуатацияның алдын алу, профилактикалық шараларды күшейту және қауіптерді ерте анықтап жолын жою мәселелеріне де ерекше мән берілді.
Конференцияны ашып, Олий Мажлис Сенатының Төрағасы, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева Жаңа Өзбекстанда адам саудасына қарсы күресу адам құқықтарын қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға және лайықты еңбекті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Бүгінде адам саудасы тек қылмысқа қарсы күрес мәселесі ғана емес, сонымен қатар адам құқықтары, еңбек қатынастары, миграция, цифрлық технологиялар және әлеуметтік қорғаумен тығыз байланысты күрделі жаһандық қауіп болуда.
«Адам саудасына қарсы күрестегі ең үлкен жетістік – жәбірленушілерді құтқару емес, жаңа құрбандардың пайда болуына жол бермеу», – деді Танзила Нарбаева.
Сондай-ақ профилактикалық жанасуларын  күшейту, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру, лайықты еңбек пен әлеуметтік қорғау механизмдерін жетілдіру адам саудасының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Халықаралық  миграция  ұйымының Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Эндрю Грейдің пікірінше, «адам саудасы бұрынғыдан да жылдам өзгеріп келеді. Қылмыстық желілер цифрлық технологияларды белсенді пайдаланып, олардың трансұлттық сипаты мен күрделілігі артып отыр. Сондықтан жауап шаралары тек тергеу жүргізу мен жәбірленушілерді қорғауды ғана емес, сонымен қатар эксплуатация орын алмай тұрып оның алдын алуға бағытталған жүйелі тәсілдерді де қамтуы тиіс».
Атап өтілгендей, кеше ғана қабылданған Өзбекстан Республикасы Президентінің «Адам саудасынан зардап шеккен тұлғаларды анықтау және оларды қоғамға интеграциялау жүйесін түбегейлі жетілдіруге бағытталған қосымша іс-шаралары туралы» Жарлығы елімізде адам саудасынан зардап шеккен тұлғаларды ерте анықтаудың, олардың қажеттіліктерін бағалау  және әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық қызметтермен кешенді қамтудың мүлде жаңа жүйені енгізуде.
Шара барысында  үш тақырыптық сессияда цифрлық қауіптер мен эксплуатацияның жаңа түрлерінің алдын алу, адам саудасынан зардап шеккендерді ерте анықтау, сәйкестендіру және қорғау механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ жәбірленушілерді оңалту, қайта бағыттау және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Талқылау барысында адам саудасына қарсы күрес тек құқық қорғау немесе қылмыстық қудалаумен шектелмей, профилактика, әлеуметтік қорғау, еңбек, миграция, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы үйлестірілген мемлекеттік саясатқа негізделуі тиіс екені атап өтілді.
Қатысушылар мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының, халықаралық ұйымдардың және даму жөніндегі серіктестердің өзара үйлестірілген іс-қимылдары адам саудасының алдын алу мен жәбірленушілерді қорғаудың ең маңызды шарты екенін атап өтті.
Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдері адам саудасынан зардап шеккендер мен қауіп тобына кіретін мигранттарды қорғау, оларға көмек көрсету және трансшекаралық ынтымақтастық механизмдерін одан әрі жетілдіру бағытындағы практикалық ынтымақтастықты жүйелі түрде жалғастыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасында жәбірленушілерді трансшекаралық бағыттау механизмдерін жетілдірудің, өкілетті органдар арасындағы жедел ақпарат алмасуды күшейтудің, мамандарға арналған бірлескен оқу бағдарламаларын іске қосудың және парламентаралық диалогты жүйелі түрде дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Конференция қорытындысында адам саудасының алдын алу және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басым бағыттарын  белгілейтін коммюнике қабылданды.