Анкара қаласында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер, сондай-ақ екі ел басшыларының төрағалығымен Стратегиялық серіктестік кеңесінің төртінші отырысы өтті.
Сапар аясында екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасына қол қою рәсімі өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған мәлімдемелер барысында Өзбекстан мен Түркия көшбасшылары өткен келіссөздердің нәтижелері жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар Мемлекет басшылары Хатай облысында Өзбекстан тарапынан салынған тұрғын үй кешенін пайдалануға беру, сондай-ақ Ыстанбұл қаласында өзбек мектебінің құрылысын бастау рәсімдеріне қатысты.
Сапар шаралары аяқталғаннан кейін Өзбекстан Президенті жұбайымен бірге Ташкент қаласына қайтып оралды. «Есенбоға» халықаралық әуежайында мәртебелі меймандарды Түркияның Вице-президенті Жевдет Йылмаз және өзге де ресми тұлғалар шығарып салды.