Ауыр жарақат алған жерлесіміз елге қайтарылды

    Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің Санкт-Петербург қаласындағы өкілеттігіне самарқанттық С.Б.-дан оны Өзбекстанға қайтаруға көмек көрсету туралы өтініш түскен.

    Аталмыш өтініш бойынша еліміздің Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы мен өкілеттігі қызметкерлері өтінішті тексеру барысында азамат С.Б. 2020 жылдың 13 сентябрінде уақытша еңбек қызметін атқару үшін Ресей Федерациясына барғаны, ағымдағы жылдың 29 октябрінде жазатайым оқиға салдарынан биіктен құлап, омыртқасынан ауыр жарақат алғаны анықталды.

    Бүгін, 27 декабрьде азамат С.Б. дәрігер бақылауында Мәскеу-Ташкент рейсімен шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарды қолдап-қуаттау және олардық құқығы мен мүддесін қорғау қоры қаржысы есебінен Өзбекстанға жеткізілді.

    Ташкент халықаралық әуежайында Сыртқы еңбек миграция агенттігі, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының жауапты қызметкерлері мен азаматтың жақын туыстары күтіп алды. Жақын туыстарының сүйемелдеуімен ол Самарқантқа жеткізілді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates