Мемлекет басшысы Ташкент қаласындағы Олимпия қалашығына барды

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 18 тамыз күні Ташкент қаласында салынып біткен Олимпия қалашығына барды.

    Оның құрылысына 2022 жылғы 9 қарашада алғашқы іргетасы қаланған еді. Ол кезде Мемлекет басшысы Олимпия қалашығы халқымыздың жоғары құрылыс әлеуеті мен өзбек спортының әлемдік жетістіктерінің символына айналатынын, сәулеттік жағынан мінсіз, энергия үнемдегіш және ең озық инновациялық шешімдерді қамтыған заманауи кешен болатынын атап өткен еді.

    Солай да болды – қысқа уақыт ішінде 100 гектардан астам аумақта ғаламат кешен бой көтерді. Шамамен 290 миллион долларлық бұл бірегей жоба «CAMC Engineering» компаниясы тарапынан халықаралық талаптарға сай жүзеге асырылды.

    Қалашықта 5 негізгі спорт кешені орналасқан.

    Атап айтқанда, Велодром күрделі инженерлік шешімдер негізінде, өзіндік дизайнмен салынған. Оның ағаш қаптамасының сапасы, траекториясы мен бұрылыс бұрыштары Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес келеді. Жолақ ең берік ағаштардан жасалған, қабат-қабат етіп төселген. Бұл сапа тұрақты сақталуы үшін велодромда жыл бойы бірдей температура қамтамасыз етіледі. Тіпті велоспортшыларға ауа қарсылығы да ескерілген.

    Жарық трекке біркелкі түседі. Бұл спортшыларға ыңғайлы болуымен қатар, көрініс пен телетрансляция стандарттарына да сай. Орындықтар 2 мың 200 адамға арналған. Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа талабы бойынша көрермендер орнына қорғаныс тосқауылдары орнатылған.

    Сонымен қатар, кешен көпфункциялы болып, мұнда үстел теннисі, семсерлесу бойынша жарыстар мен жаттығулар өткізуге де болады. Мұндай деңгейдегі велодром Өзбекстанда алғашқысы.

    Жауапты мамандарға аймақтарда жағдай жасап, велоспортты дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

    Мемлекет басшысы үстел теннисі баршаға қолжетімді, арзан әрі ыңғайлы спорт екенін атап өтіп, әрбір мектеп пен махаллада оны кеңінен тарату, жабдықтарын өндіру жөнінде нұсқаулар берді.

    Қалашық орталығында 12 мың орындық стадион орналасқан. Халықаралық турнирлер кезінде мұнда салтанатты рәсімдер ұйымдастырылады. Ең бастысы, жасыл алаң мен 9 қатарлы жүгіру жолында жеңіл атлетиканың 48 түрі бойынша жарыстар өтеді. Атап айтқанда, әлем чемпионаты, Бриллиант лигасы, параатлетика бәсекелері, көзі нашар көретіндер арасындағы IBSA ойындарын ұйымдастыруға болады. Басқа кезде стадион жергілікті оқу-жиындар, практикалық жаттығулар арқылы дуалды білім беруде қолданылады.

    Стадиондағы төрт қабатты ғимаратта ұлттық құрамалардың мамандары мен спорт федерациялары жұмыс істейді.

    Жеңіл атлетика мен пара спорт түрлері халық денсаулығын нығайтуда өте тиімді. Олимпиада және Азия ойындарында да олардың бағдарламасы кең. Алайда елімізде бұл мүмкіндіктер толық пайдаланылмай жатқаны айтылды.

    Сондықтан жеңіл атлетиканың барлық бағыттарын дамыту бойынша тапсырма берілді. Оған сәйкес, облыстардағы стадиондар реконструкцияланып, жеңіл атлетика үшін жағдайлар жақсартылады, шетелден бапкерлер әкелінеді, спортшылардың шеберлігін арттыру мақсат етілмек.

    Үлкен су спорты сарайы да заманауи әрі ыңғайлы. Онда 25х50 метрлік жүзу және 25х20 метрлік суға секіру бассейндері, жаттығуға арналған бассейн және тренажер залдары бар. Барлық жағдайлар мен өлшемдер халықаралық олимпиадалық стандарттарға сай.

    Жақында «World Aquatics» федерациясы делегациясы кешенді тексеріп, мұны растады. Яғни мұнда жүзу, суға секіру, синхронды жүзу, су полосы бойынша құрлықтық және әлем чемпионаттарын, Олимпиада бағдарламасындағы беделді жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар. Оларды 2 мыңнан астам жанкүйер тамашалай алады.

    Мемлекет басшысы су спорт түрлерін дамыту, халықаралық турнирлердегі нәтижелерді жақсарту туралы өз пікірін білдірді.

    Командалық және жекпе-жек спорт түрлері кешендері де халықаралық талаптар деңгейінде салынған. Олардың әрқайсысы үш қабатты, 2 мың орынды. Атап айтқанда, біріншісінде волейбол, баскетбол және гандбол бойынша жаттығулар мен халықаралық жарыстар өткізуге болады. Жекпе-жек кешені дзюдо, бокс, таэквондо секілді спорт түрлерін дамытуға негіз болады.

    Мемлекет басшысы осы жерде спортшылармен сұхбаттасты.

    – Халықаралық жарыстарда туымызды биік көтеріп, еліміздің дамуын көрсетіп жүрсіздер. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз халқымыз үшін үлкен мақтаныш, жастарымызға күш, демеу береді. Осы еңбектеріңізді жалғастырып, балаларды артыңыздан ертіп, спортты одан әрі биікке көтерулеріңізді тілейміз, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Олимпия қалашығында футбол, волейбол, теннис, көгалдағы хоккей, жеңіл атлетика бойынша 15 ашық алаң да салынды.

    Бұдан бөлек, 400 орындық паралимпия жатақханасы, спорт медицинасы ғылыми-практикалық орталығының құрылысы соңғы сатыда тұр.

    Қалашықтағы барлық нысандар энергия үнемдейтін болады. Автотұрақтардың үстіне күн панельдері орнатылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates