Жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде де сабақ кезең-кезеңімен басталады

    Білім 10 Yanvar 2023 4576

    2023 жылдың 11 январьдан бастап жоғары және кәсіптік оқу орындары мен академиялық лицейлерде сабақ кезең-кезеңімен басталады.

    Министрлер Кабинетiнiң тиiстi мәлiмдемесiмен жоғары оқу орындарында, техникумдарда, колледждерде, кәсiптiк мектептер мен академиялық лицейлерде оқу үдерісін жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен келiсе отырып ұйымдастыру ұсынылды.

    Бұл үдерістерді белгіленген тәртіпте жүзеге асыру мақсатында әрбір оқу орнында күні-түні жұмыс істейтін, білікті мамандардан құралған «Штаб» құрылады. Аномалды суық болуы күтілген 10-18 январь күндерінде барлық білім мекемелерінде түрлі мәжілістерді (сонымен қатар ZOOM формасында), шараларды және басқа да кездесулерді өткізуге тыйым салынады.

    Сондай-ақ білім беру мекемелері ғимараттарының жылу жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

    Білім беру мекемелерінің басшылары мен тиісті жергілікті билік органдары студент-жастарға хабар беру, оларды ЖОО орналасқан аумаққа жетіп келуін қамтамасыз ету сондай-ақ аталмыш үдерістерді жеке бақылауға алды. Оқу-үдерісін ұйымдастыруда аумақтың мүмкіндіктері, қолайсыз ауа райы жағдайында студенттердің жоғары оқу орындарына келуі толық ескеріліп, бұл үшін қажетті жағдай жасалуы тапсырылды.

    Оқу үдерісін ұйымдастыруда қажет болған жағдайда оқу кестесіне өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі. Студенттерге емтиханға 20 январьға дейін дайындалу ұсынылады.

    Атап айтар болсақ, 20 январьға дейін қорытынды бақылау істері ұйымдастырылмайды.

    Ауа-райына байланысты сабаққа қатыса алмайтын студенттерге оқу үдерісін бастау және бақылау емтихандарына дайындалу үшін тиісті қашықтықтан оқыту бағдарламалары ұсынылады.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates