Осыған байланысты Презинеттің «Алмалық мемлекеттік техникалық институтын құру туралы» қаулысы (ПҚ-279-санды, 09.08.2025 ж.) қабылданды.
Қаулыға орай, Алмалық филиалында оқитын барлық студенттер Институтта оқуын жалғастырады, ал 2025/2026 оқу жылын бітірген студенттерге белгіленген тәртіппен Институттың дипломы беріледі.
Институттың жоғары курс студенттері ақы төленетін өндірістік тәжірибеге тартылады.
Институт жанынан геология, металлургия және технологияға мамандандырылған озық инженерлік мектеп («ГeoMeтTex») құрылады.
Бұл мектепте білім алу үшін академиялық көрсеткіштері жоғары студенттер байқау негізінде таңдалады және тәжірибеге бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары негізінде оқытылады.
“ГеоМетТех” озық инженерлік мектебінің бағытына лайықты өндірістік серіктестері белгіленіп, оларды техникалық және технологиялық жағынан қамтамасыз ететін заманауи зертханалар құрылады.








