Негізгі марапаттары 1 Бас Ұлттық сыйлық
Телевидения бағыты бойынша – Ең үздік журналистік материалға Ұлттық сыйлық (1, 2, 3 орындар);
Радио бағыты бойынша — Ең үздік журналистік материал үшін Ұлттық сыйлық (1, 2, 3 орындар);
Баспа полиграфия бағыты бойынша — Ең үздік журналистік материал үшін Ұлттық сыйлық (1, 2, 3 орындар);
Интернет-медиа бойынша — Ең үздік журналистік материал үшін Ұлттық сыйлық (1, 2, 3 орындар).
Шетелдік журналистің Өзбекстан туралы ең жақсы материалы үшін – 1 бірінші орын, 4 екінші орын (теледидар, радио, баспа және интернет баспалары бойынша).
Сондай-ақ 12 ынталандыру номинациялары енгізіледі. Байқаудың ынталандырушы номинациялары туралы қосымша хабарландыру жасалады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне:
- Байқаудың Ұлттық Бас сыйлығының жеңімпазы арнайы дипломмен, «Алтын қалам» статуэткасы және жеңіл автокөлікпен салтанатты түрде марапатталады.
- Бірінші орын иегерлері диплом, «Алтын қалам» статуэткасы және базалы: есептік көрсеткіштің 200 еселенген ақшалай сыйлығымен марапатталады;
- Екінші орын алған жеңімпаздарға диплом, «Алтын қалам» статуэткасы және базалық есептік көрсеткіштің 175 еселенген ақшалай сыйлығы;
- Үшінші орын иегерлеріне диплом, «Алтын қалам» статуэткасы және базалық есептік көрсеткіштің 150 еселенген ақшалай сыйлық беріледі;
- Байқаудың ынталандыру номинациялары бойынша жеңімпаздар дипломмен, «Алтын қалам» статуэткасымен және базалық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Байқауда әрбір қатысушының 2025 жылдың 22 сәуірінен 2026 жылдың 22 сәуіріне дейін баспа және интернет басылымдарында жарияланған, радио және телевиденияда жарияланған 5-тен 7-ге дейінгі материалы қаралады.
Байқауға шығармашылық топ – газет редакциясы қатысса, газеттің 5-тен 7 санына дейін, ал телерадио арна ұжымы конкурсқа қатысса, 5-тен 7-ге дейінгі үздік шоудың немесе үздік хабардың электронды нұсқасы (немесе сілтемесі) қоса беріледі.
«2025 жылы жарық көрген публицистикалық жанрдағы ең үздік кітап үшін» ынталандыру номинациясы бойынша байқауға қатысуға ниет білдіргендер кітабының бір данасын Өзбекстан Журналистер одағына тапсыруы қажет.
Байқауға ұсынылатын шығармашылық жұмыстарға төмендегі құжаттар да қосымша берілуі тиіс:
автор және оның кәсіби қызметі туралы қысқаша мәлімет (объективка);
автордың төлқұжаты немесе жеке куәлігінің көшірмесі, телефон нөмері.
Ұжымдық қатысушы БАҚ-тың тіркелгенін растайтын куәліктің көшірмесі және ұйым басшысының төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
Байқауға шығармашылық жұмыстар Өзбекстан Журналистер одағы және оның аймақтық бөлімшелері арқылы, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен еліміздің шет мемлекеттердегі өкілдіктері арқылы, сондай-ақ тікелей авторлардан электрондық түрде байқау баспасөзде жарияланған күннен бастап ағымдағы жылдың 22 мамырына дейін қабылданады.
Баспасөз бағыты бойынша шығармашылық жұмыстар:
Теледидар бойынша бейнематериалдар (3 минуттан 30 минутқа дейін телеграм форматында (аннотациямен, мазмұнның қысқаша сипаттамасымен);
Радио бағыты бойынша аудио материалдар (3 минуттан 30 минутқа дейін, аннотациямен, мазмұнының қысқаша сипаттамасымен);
Ынталандыру номинациясы – фотожурналистикадағы шығармашылық жұмыстары Өзбекстан Журналистер одағының info@jurnalistlar.uz электронды поштасына және Telegram мессенджерінде +99870-484-71-79 телефон нөмірі бойынша ашылған парақшаға (OLTIN QALAM 2026) жіберуді сұраймыз.
«Алтын қалам» Ұлттық сыйлығы үшін халықаралық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 27 маусым – Баспасөз және БАҚ қызметкерлері күніне арналған мерекелік шарада салтанатты түрде марапатталады.
Анықтама үшін телефондар: 71 244-37-87, 71-244-64-62.