Дегенмен, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулердің нәтижелері «омикрон» жұқтырғандардағы ауру «дельтаға» қарағанда жеңілірек және өлім-жітім деңгейі төмен екенін растайды.
Шотланд ғалымдары мұны ерекше әдіспен есеп-қисап жасады. Ол үшін «омикрон» мен «дельтаны» жұқтырғандар саны мен ауруханаға жатқызу көрсеткіші салыстырылды.
Белгілі болуынша, егер жаңа штамм «дельта» сияқты ауыр болса, қазіргі уақытта Шотландия ауруханаларында осы нұсқасы бойынша емделіп жатқан науқастардың саны 47-ні құрау керек еді . Алайда, бұл көрсеткіш қазір небәрі 15-ті құрады.
«The Guardian» баспасы «омикронға» тән жалпы симптомдар туралы жазды. Оның айтуынша, вирустың бұл түрімен ауыратын науқастарда тамақ ауруы мен қышыну, бұлшықеттердің тартылуы, шаршау, құрғақ жөтел және түнде терлеу сияқты белгілер бар.
Жаңа штамнан алғашқы өлім Германияда да тіркелді.
Ұлыбританияда коронавирустың рекордтық саны күн сайын жаңартылып отырады: соңғы тәулікте 120 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелді.
Дегенмен, елде «омикрон» дертіне шалдыққандардың ауруханаға жату қаупінің күрт төмендегені жақсы көрсеткіш.
Испанияда тек қоғамдық орындарда ғана емес, көшелерде де бетперде кию талабы қайта енгізілді. Өткен күні мемлекетте 60 мың коронавирус ауруы тіркелді, оның жартысы омикрон жұқтырған науқастар.
Өз кезегінде Италия үкіметі 2022 жылдың 31 январына дейін бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салып, дискотекалар мен клубтарды жабу туралы шешім қабылдады. Енді елде тұрғындар көшеде және қоғамдық орындарда медициналық бетперде киюге мәжбүр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.