Құжат Ұлттық гвардия және Ішкі істер министрлігінің бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктерін нақты белгілеп беру мақсатында қабылданған.
Атап айтқанда, Министрлер Кабинетінің 2014 жылғы 29 июльдегі 205-санды қаулысымен бекітілген Бұқаралық шараларды өткізу ережелеріне төмендегілерді қамтыған өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде:
бұқаралық шараларды, олардың маңыздылығын, ауқымын және өткізілетін аумаққа қарай ерекше, бірінші және екінші санаттағы шараларға бөлінуін белгілеу;
атап айтқанда, төмендегі бұқаралық шаралар ерекше санаттағы бұқаралық шаралар қатарына жатады: Жаңа жыл, Наурыз мерекесі, Тәуелсіздік күні, Еске алу және қастерлеу күні, Құрбан айт және тағы басқа да мерекелер, білім беру мекемелеріне оқуға қабылдану бойынша тест сынақтарын өткізу, жалпы орта білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған, сайлау және референдумдарды өткізуге байланысты, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткізілетін іс-шаралар және футбол бойынша халықаралық кездесулер;
ішкі істер органдары құзырындағы бұқаралық шараларды өткізуді бақылау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ олардың құрамын, мәртебесі мен өкілеттіктерін белгілеу;
ерекше және екiншi санаттағы бұқаралық шараларды өткiзуде азаматтардың қауiпсiздiгiн және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуді ішкі істер органына, бірінші санаттағы бұқаралық шараларды өткізуде — Өзбекстан Республикасының Ұлттық гвардиясы міндетіне жүктеледі.