Биыл 17-19 октябрь күндері Ташкент қаласында осы датаға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның ашылуында Президент Шавкат Мирзияевтың Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығы орталығының ұжымына мерейтойға арналған құттықтауы оқылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар қызметкерлер еліміздің жоғары сыйлықтарымен марапатталды. Конференцияда сыйлықтарды қызметкерлерге Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева табыстады.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін уақытша атқарушы Асилбек Худаяров: «Ана мен бала денсаулығын сақтау – Өзбекстан денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдықтарының бірі саналады және бұл конференция аналар мен балаларға көрсетілетін білікті медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға, мамандар арасында тәжірибе алмасуды, практикаға халықаралық тәжірибе негізделген заманалық, ғылымға сүйеніп және ең жақсы клиник ұсыныстарды енгізуге бағытталған.
Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы Өзбекстан Республикасының ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің негізгі мекемесі болып табылады. Бұл республикалық көлемдегі мамандандырылған медициналық мекеме ғылыми-практикалық медициналық кешен. Орталықтың құрамында ғылыми, емдеу-нақтама қою, ағарту, әкімшілік-шаруашылық және т.б бөлімдер бар.
Орталықтың тарихы 1974 жылдың октябрь айында Ташкент қаласындағы перзентхана базасында №2 акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институтының құрылуымен басталады. Бұл институт жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ акушерлік-гинекология, перинатология және анестезиология-реаниматология салаларында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған Өзбекстандағы алғашқы тууға көмек және сонымен бірге ғылыми-ағарту мекеме саналады.
Орталық 2022 жылы денсаулық сақтау сапасы бойынша халықаралық аккредитациядан сәтті өтіп, Халықаралық сапа сертификатын алған Өзбекстандағы алғашқы мемлекеттік медициналық мекеме.
Орталық және оның республиканың барлық облыстарындағы 14 филиалы Өзбекстан Республикасының тууға көмек медициналық мекемелердің қызметіне әдістемелік басқаруын жүзеге асырып келеді.
Орталықтың алдында жоғары технологиялық материалдық-ғылыми базаны, сондай-ақ жоғары сапалы дәрежедегі және халықаралық стандарттық талаптарға жауап бере алатын мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қабілетті акушерлік және гинекологиялық мектепті қалыптастыру міндеттері тұр.
Мамандардың дәрежесін арттыру тұрақты түрде ең жақсы халықаралық сарапшылардың қатысуында оқу семинарлар, тренингтер, сондай-ақ форум және конференцияларда тәжірибе алмасу, озық технологиялар алмасуы ұйымдастырылады.
Мерейтойға арналған «Акушерлік және гинекологияның өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша өткізілген қазіргі Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 12 шет мемлекеттен сала мамандары мен Өзбекстанның барлық облыстарынан келген мамандар жиналды.
Медициналық форумда сөз сөйлеген «Республикалық мамандандырылған ана мен бала дансаулығын сақтау ғылыми-практикалық медициналық орталығының» МО директоры Наталья Надырханова бүгінгі таңда елімізде ана мен бала денсаулығын сақтау, тұрғындардың репродуктивті денсаулығын нығайтуда ауқымды және кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Конференция аясында пленарлық және секциялық жиналыстар, ғылыми-практикалық семинарлар, шеберлік сабақтары жоспарланған. Онда еліміздің мамандары, баяндамашылары, спикер және модераторларымен бірге Беларусь (Минск), Германия (Берлин), Литва (Вильнюс), Италия (Перуджа), Қазақстан (Астана, Алма-Ата және Шымкент қалалары), Қытай (Гуанчжоу), Қырғызстан (Бішкек), БАӘ (Дубай, Абу-Даби қалалары), Корея Республикасы (Сеул), Украина (Киев), Ресей (6 қала), Түркия (Aнқара, Конья қалаларының), жетекші медицина мекемелерінің өкілдері сөз сөйледі.
Ташкент конференциясында ең көп Ресейдің ғылыми мектебі ұсынылды. Акушерлік және гинекология саласында заманалық технологиялармен Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы РХСУ медицина институты, «Д.О.Отта атындағы Ғылыми-зерттеу институты» ФДБИМ, «В.А.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығы» ФБДМ, ОТ ФДТБМ «Академиялық И.П.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университеті», сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазан, Астрахань, Екатеринбург, Калининград қалаларының мамандары ой бөлісті.
Конференция аясында Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-практикалық орталығы тарапынан Ресейдің екі мекемесі – «Академик В.И. Краснопольский атындағы акушерия және гинекология ғылыми-зерттеу институты» МО ССДБМ және “Аумақтық перинаталды орталығы” Калининград ДБМ мен Келісімга қол қойылды.
Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі ғылыми-практикалық медициналық орталық.