Енді азаматтар өздерінің жеке мәліметтерін қай ұйымдарға ұсыну немесе шектеу мәселесін өз бетінше басқара алады.
Мәліметтерге сәйкес, OneID арқылы банк, қаржы, сақтандыру, телекоммуникация және басқа жүйелерге жеке мәліметтерді тек пайдаланушының келісімі негізінде беру немесе тыйым салу мүмкіндігі бар.
Ол үшін пайдаланушылар id.egov.uz сайты арқылы жүйеге кіріп, ЭРИ немесе Mobile-ID көмегімен «Жеке мәліметтерді басқару» бөлімінде тиісті қызметті белсендіруі қажет. Сол жерде ұйымдар тізімінде құлып белгісі арқылы мәліметтерге рұқсат беру немесе оны шектеу мүмкін.
Айтылғандай, OneID жүйесіне QR-код арқылы кірген кезде бұл бөлім автоматты түрде іске қосылады. Ол үшін мобильді құрылғыға OneID қосымшасын жүктеп алып, Mobile-ID немесе MyID арқылы авторизациядан өтіп, компьютер экранындағы QR-кодты сканерлеу жеткілікті.
Мамандар мәліметтерге кіруді шектеу киберқылмыстан қорғануда тиімді шара екенін атап өтіп, пайдаланушыларды цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақыруда.