Осы жұмыс аптасында Өзбекстанда тұрақсыз ауа райы сақталады

    Ел назарында 11 Mart 2024 287

    Бүгін аумақтың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.

    Тек Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысында, күннің екінші жартысында Бұхара, Науаи облыстарында, кешке Қашқадария, Самарқант облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы 15-20 градус шамасында болады.

    Ертең, 12 мартта республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысы мен Ферғана аңғары облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 8-13 градусқа дейін төмендейді.

    11-12 март күндері республиканың кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін.

    Сәрсенбі, 13 мартта жаңбыр жауады, жаңбыр негізінен түнде және таңертең ғана жауады, күндіз жауын-шашын күтілмейді. Тек Ташкент облысы мен Ферғана аңғары облыстарында күндіз жаңбыр жаууы мүмкін.

    14 мартта республиканың орталық және шығыс аумақтарында жаңбыр жауады, негізінен аздап күшейеді, кей жерлерде жаңбырдың қарға айналуы ықтимал. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді.

    13-14 март күндері республика аумағына суық ауа массаларының енуі жалғасады және 14 мартта ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін, күндіз 3-8 градусқа дейін төмендейді.

    15 март күні Республиканың барлық аумақтарында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 3 градус суық-2 градус жылы, күндіз 6-11 градус жылы болады.

    Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен еседі, 11-12 мартта кей жерлерде 15-18 м/с күшейеді.

    Астанамызда: бүгін жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 17-19 градус жылы болады.

    Ертең, 12 мартта жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 12-15 м/с дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 9-11 градус жылы болады.

    13-14 март күндері өткінші жаңбыр жауады, 14 мартта жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы болады.

    15 мартта жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 3 градус суық - 2 градус жылы, күндіз 6-11 градус жылы болады, деп хабарлайды Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.