АДБ қатты тұрмыстық қоқыстарды тұрақты басқаруға көмектеседі

    Жасыл планета 15 Noyabr 2023 1085

    Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов Азия даму банкінің Су және қала құрылысын дамыту секторының аға директоры Норио Саитомен кездесті.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының шөлейттену, жерлердің деградациясы мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның орындалуын қайта қарау комиетінің 21-сессиясы аясында ұйымдастырылған кездесуде Азиз Абдухакимов Азия даму банкімен тиімді ынтымақтастық орнатылғанын ерекше тілге тиек етті.

    Ақпарат үшін, Азия даму банкі (АДБ) Орталық және Батыс Азия өңірлерінде жүзеге асырып жатқан жобалардың 17 пайызы Өзбекстанға дұрыс келеді. Еліміз аумақта осы көрсеткіш бойынша екінші орында. Биыл шамамен 3,5 миллиард долларды құрайтын 25 жобаға қол қойылған.

    Кездесу барысында қалаларды кешенді дамыту, экология саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру, Жапониядағы қоқыстарды өңдеу саласындағы компанияларды Өзбекстанға тарту сынды өзекті мәселелер талқыланды.

    Өз кезегінде, Норио Саито 2025-2026 жылдарға арналған «Қатты тұрмыстық қалдықтарды тұрақты басқару» жобасының 2-басқышын бастауды ұсынды.

    Кездесу соңында Азия даму банкінің Су және қала құрылысын дамыту секторының аға директоры Норио Саито Өзбекстан экология, қоршаған ортаны қорғау, құрғақшылық пен ашаршылықпен күрес жөніндегі жүзеге асырылған істерінде ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екені атап өтілді.

    Сонымен қатар, Жапонияның қоқыстарды өңдеу саласындағы жетекші компанияларын Өзбекстанға тарту, осы салаға Азия даму банкінен инвестиция әкелу, гранттар бөлу, министрлік пен ұйым қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында өзара ынтымақтастық қолдап-қуатталатын болды, деп хабарлайды Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгеріс министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін, 2022 жылдың 23 декабрінде Жапонияның Экология министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған. Меморандумға орай, тараптар климаттың өзгеруі, су мен ауаның ластануы, қоқыстарды басқару салаларында тұрақты ынтымақтастық орнату белгіленген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates