«Ташкент-Хумо» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі қонақтарды Өзбекстан Президенті мен оның жұбайы қарсы алды.
Екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, бүгін Өзбекстан мен Әзербайжан басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, Жоғары мемлекетаралық кеңестің үшінші отырысына қатысады.
Саммит барысында ауқымды құжаттар топтамасына қол қою және бірқатар экономикалық әрі гуманитарлық жобаларды іске қосу жоспарланған.