Өзбек мүсіншісі халықаралық сыйлыққа ие болды

    Ол «Дебюттер достастығы» халықаралық сыйлығымен марапатталды.

    12-13 сентябрь күндері Бішкек қаласында өткен ТМД елдерінің Шығармашылық және ғылыми зиялыларының форумында танымал өзбек мүсінші Бахром Норбоев «Дебюттер достастығы» халықаралық сыйлығымен марапатталды.

    Сыйлықты ТМД-ға мүше мемлекеттердің Гуманитарлық кеңесі және гуманитарлық ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық қоры тағайындады.

    «Дебюттер достастығы» халықаралық сыйлығы әр жылы құрылтайшылар анықтайтын гуманитарлық саладағы жас мамандарға (35 жасқа дейін) беріледі. Сыйлық 2008 жылдан бері бар.