Өзбекстан ғалымдары жаратқан препарат коронавирусты емдеу хаттамасына енгізілген

    Ғылым 13 Yanvar 2022 2192

    Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Биоорганикалық химия институтының ғалымдары әзірлеген «Рутан таблеткалары, 100 мг» препараты COVID-19 коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеу хаттамасына енгізілді.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ұсынылған ақпаратқа орай, қазірде Денсаулық сақтау министрлігі Рутан препаратын коронавируспен ауыратын науқастарға, өткір респиратор инфекциямен байланысты болған әлсіздіктің бірінші белгілері пайда болғанда, дәрігердің ұсынысына орай белгіленеді. Рутан препараты Rhus coriaria (Toум) өсімдігінен бөлінген препарат және клиникалық зерттеулер нәтижесінде, оның тұмау вирусының әртүрлі штамдарына, сондай-ақ SARS-Cov-2 вирусына қарсы тиімді екендігі дәлелденді.

    Аталмыш зерттеулерді Инновациялық даму министрлігі тарапынан бөлген грант қаржысы көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі құзырындағы Вирусология ғылыми-зерттеу институты жүргізді.

    Клиникалық зерттеулер нәтижесінде Рутан дәрі препаратының 100 миллиграмдық оңтайлы дозасын 6 жастан асқан емделушілерде қауіпсіз қолдануға болатынын және оны күніне екі рет қабылдау вирустың болуына кедергі болады, суық тиюдің және қабыну үдерістерінің алдын алуы, әсіресе жедел және атипик пневмонияның пайда болуына тосқауылдық көрсетті. Вирустың патологиялық әсеріне ие болған барлық функционалды және құрылымдық белоктардың пайда болуына қатысатын екі негізгі консервативті ферменттерді – 3СL протеазасын және РНК-байланысты РНК полимеразасын ингибирлеу (тоқтатады) және ол өсімдік тектес дәрілік зат болып табылады.

    Осының нәтижесінде ағзада құрылымдық және қызметтік белоктар пайда болмайды және инфекциялау қабілеті жоқ, жетілмеген вирустар түзіледі.

    Рутан препаратының артықшылығы сол, оның вирусқа қарсы қолданған басқа препараттармен салыстырғанда токцикалық дәрежесі өте төмен, емдік әсері жоғары және жанама әсерлері жоқ.

    «Рутан таблеткалары, 100 мг» препаратын қолдану COVID-19 аруынан қабыну үдерістерінің негізгі медиаторы болып табылатын С-реактивті белоктың айтарлықтай төмендеуіне әкелді және сынақ нәтижелеріне қарағанда, емдеу тобындағы науқастардың еш бірінде оксигинация өткізуді талап ететін критикалық жағдайдың дамығаны айтылмады.

    Өзбекстан Ұлттық университетінің қасындағы Биохимиялық және биофизика институтымен ынтымақтасып жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, Рутан препараты күшті антигипоксиялық, мембрананы тұрақтандыратын, антирадиалды, антиоксиданттық қасиеттерге ие екені оның терапевтік тиімділігі вирусқа қарсы белсенділігімен үйлескендіктен COVID-19-бен ауырған науқастарды емдеуде препараттың нәтижелілігі жоғары болады.

    Зерттеулер Рутан 100 мг. дәрі препаратының коронавирустың орта ауырлықта кешкен науқастарда кең қолдануды ұсыну мүмкіндігі көрсетті.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates