2024 жылдың 26 декабрінен 31 декабрь аралығында Оман мемлекетінде «Muscat International Chess Championship 2024» турнирі болып өтті.
Турнирге қатысқан шахматшымыз Ортиқ Нигматов 2501 (Qatar Masters 2024 +9.4; 3rd International President cup +35; Muscat International Chess Championship 2024 +9,8) рейтинг көрсеткішін тіркеді.
Осылайша Нигматов соңғы талапты орындап, шахматтан гроссмейстер атағын алған отызыншы өзбек атанды, деп хабарлайды Өзбекстан шахмат федерациясы.
«Шахматшымыз GM нормасының талаптарын мерзімінен бұрын орындады, тек рейтингтік көрсеткіштері бір рет 2500 рейтингтен асуы қажет болды», - делінген хабарламада.
Бір қуантарлығы, Ортиқ Нигматов 9 турдан құралған сайыста 7 жеңіс және 2 тең ойынмен 8 ұпай жинап, «Muscat International Chess Championship 2024» турнирінде де жеңімпаз атанды.