Жүктіліктің 33-34 аптасында кесар тілігі арқылы мерзімінен бұрын дүниеге келген сиам егіздері туылғаннан кейін 9 сағаттан кейін шұғыл түрде, жергілікті жағдайда өте күрделі ота жасалып ажыратып алынды.
Бес сағатқа созылған жоғары технологиялық операцияны Республикалық перинаталдық орталық жанындағы Неонаталдық хирургия орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахтиёр Эргашев басшылығындағы бір топ білікті мамандар жасады.
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Асилбек Худаяров осы сәбилердің жағдайынан хабар алды.
— Мұндай аса күрделі операциялар барлық елдерде жасалмайды, — деді министр. — Тіпті медицинасы дамыған елдердің өзінде ұзақ талдаулар мен жан-жақты дайындықтан кейін жасалады. Өйткені бұл өте сирек кездесетін операция. Дәл осындай шала туылған сиам егіздері шұғыл түрде облыс деңгейінде нәтижелі ажыратылып, еліміздің медицинасы жаңа басқышқа көтергенінің айқын дәлелі.
Сиам егіздерді ажырату операциясына қатысқан бір топ мамандарға министр А.Худаяров «Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгімен марапаттады.
Денсаулығы жақсарған жас нәрестелер мен олардың анасы бүгін ауруханадан шығарылды. Бұл туралы жақын арада ДСМ-нің баспасөз қызметі дайындаған егжей-тегжейлі материал мен бейнероликтен біле аласыздар.








