Өзбек тоқымашылық өнімдері онлайн платформа арқылы сатылуда

    “Ўзтўқимачиликсаноат” бірлестігі мен «Wildberries» халықаралық онлайн платформасы өзбек тоқымашылық өнімдерін экспорттауды қолдап-қуаттау бойынша біріккен жобаны қолға алуда.

    Бұл туралы “Ўзтўқимачиликсаноат” бірлестігі мен «Wildberries» халықаралық онлайн платформасымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған семинарда айтылды.

    «Wildberries» компаниясының Өзбекстандағы өкілі Сардор Қодировтың айтуынша, бұл біріккен жоба ел үшін маңызды оқиға. Өйткені Өзбекстан үкіметі көп жылдан бері дайын тоқымашылық өнімдерін өндірушілерді қолдап-қуаттауға және олардың экспорттық әлеуетін арттыруға көп күш салып жатқанын айтты.

    Ынтымақтастық аясында, «Wildberries» бизнес мектебі де білім беру жобасын іске қосады. Бұл Өзбекстанның тоқымашылық өндірушілердің сыртқы базарғлаға экспорттау мүмкіндіктерін айтарлықтай деңгейде кеңейтуге көмектеседі.

    “Ўзтўқимачиликсаноат” бірлестігі негізіндегі тауар өндірушілер мен жергілікті кәсіпкерлерге арналған мұндай семинарлар алдағы күндері Наманган, Ферғана, Әндіжан қалаларында да өтеді.

    Wildberries жергілікті өндірушілермен және кәсіпкерлермен ашық қарым-қатынас орнатуға ұмтылады және жергілікті бизнестің онлайн сегментте өркендеуі үшін платформа қызметтерін жақсартады. Платформада Өзбекстанда жасалған бұйымдар күннен-күнге танымал бола түсуде. 2023 жылдың январь-август айларында Өзбекстанда өндірілген өнімдердің сатылымы жылына 94 пайызға өсіп, 285 миллион долларды құрағаны мұның дәлелі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates