Өзбекстан-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының кезекті жиналысы өтті

    Бүгін Ташкент қаласында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша үкіметаралық біріккен комиссияның жиырмасыншы жиналысы өтті.

    Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мәжілісте екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттары негізінде белсенді дамып келе жатқаны атап өтілді.

    Мұнда Президенттер Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірлескен іс-әрекеттері маңызды фактор екені атап өтілді.

    Мәлімдеуінше, өзара сауданың қарқынмен дамып келеді. Соңғы бес жылда тауар айырбастау екі еседен астам өскен. Өткен жылы оның көлемі 4,6 миллиард долларды құраған.

    Мемлекет басшылары үкіметтің алдына алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды.

    Бұл бағытта құрылған жұмысшы топтар қазір белсенді жұмыс істеп жатыр.

    Бүгінде Өзбекстанда Қазақстан капиталының қатысуымен 1200-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде.

    Экономикалық серіктестікті тереңдетудің басты бағыты, өндірістік кооперацияны дамыту екені сөзсіз.

    Мемлекет басшыларының өткен жылдың декабрь айында Ташкентте өткен келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған «Жол картасы» барлық үстем бағыттарды, сонымен қатар, құны 10 миллиард долларлық нақты жобаларды қамтиды.

    Олардың қатарында жылу электр станцияларының құрылысы, фосфор және минералды тыңайтқыштар, тұрмыстық техника, фармацевтикалық өнімдер өндірісі, тоқымашылық кластерлерін құру, автомобиль өндірісін кеңейту және т.б. көптеген жобалар бар.

    Кездесуде бұл міндеттер өзара ынтымақтастық байланысты одан әрі жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлес қосатыны айтылды.

    Жиналыста сауда, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл және су шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде де өзара пікір алмасылды.

    Мәжіліс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

    Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates