Өзбекстан — 2024 жыл ең жақсы саяхат мекені деп танылды

    Ағымдағы жылдың 6-8 ноябрь күндері Лондон қаласында өткен «World Travel Mart» халықаралық туризм көрмесінде 2024 жыл үшін «Өзбекстан – ең жақсы саяхат мекені» номинациясын жеңіп алды.

    Бұл номинация жеңімпаздығы туралы арнайы сертификатты әлемдегі ең танымал саяхатшылық басылымдардың бірі – «Lonely Planet» вице-президенті Том Броди Өзбекстанның туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаламовқа табыпсырды.

    «Lonely Planet» сарапшыларының пікірінше, бұл сыйлық Өзбекстандағы төмендегі реформалар үшін берілді:

    “Өзбекстан бойлап өлкеден өлкеге дейін саяхатшылар өткен ғасырлар бойы сауда тармақтарын қадағалап келеді. Бір кездері абат қамал-қалаларды жалғаған түйе керуендердің орнын жүрдек теміржол мен қолайлы ішкі рейстердің тармағы иелеген болса, Самарқант, Бұхара Хуаның ежелгі мәдени орталықтары әлі де Жібек жолы дәуірін еске түсіреді. Нұрата тауларындағы жұртшылық негізіндегі туризм бастама келушілерге бақташылық қауымының өмірін көрсетеді”.

    uzbektourism.uz порталының мәліметтерге орай, «Lonely Planet» саяхат бойынша қолданба мен кітаптар шығаруға маманданған ірі баспа компаниясы саналады. Кәсіпорын 1973 жылы Австралияда құрылған. Осы уақытқа дейін аталмыш компания тарапынан 150 миллионнан астам кітапты шығарған.

    Айта кетейік, Өзбекстан делегациясы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «World Travel Mart» халықаралық туризм көрмесінде ұлттық павильонмен қатысты.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates