Өзбекстан – Корея: парламентаралық қарым-қатынастар одан әрі нығаяды

    2022 жылғы 3 августа Олий Мажлис Заң шығару палатасының Спикері Нуриддинжон Исмаилов Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы «Корея-Өзбекстан» парламенттік достық ассоциациясының төрағасы Пак Кванг Он басшылығындағы делегация мүшелерімен кездесті.

    Сұхбат кезінде қонақтарға соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған ауқымды реформалар, Олий Мажлистің Заң шығару палатасы, ондағы саяси партиялар фракциялары, комитеттердің қызметі туралы айтылды. Сондай-ақ делегация мүшелеріне еліміздегі маңызды саяси үдеріс – Конституциялық реформалар туралы да толық ақпарат берілді.

    Кездесуде елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық қарым-қатынастар жүйелі түрде дамып келе жатқаны атап өтіліп, Өзбекстан Президентінің 2021 жылғы декабрь айында Корея Республикасына жүзеге асырылған мемлекеттік сапары мен келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдер екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектерді ашқаны айтылды.

    Сұхбат барысында тараптардың екі ел арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екені айтылды. Атап айтқанда, парламенттік қызметі саласында тәжірибе алмасу, парламентаралық байланыстарды нығайту, туризм, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, қарым-қатынасты тереңдету төңірегінде пікір алысылды.

    Өз кезегінде Пак Кванг Он соңғы жылдары Өзбекстан экономикалық-саяси тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықта лайықты орын алып отырғанын жоғары бағалап, Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан кең көлемді демократиялық реформаларды мойындады.

    Сындарлы рухта өткен кездесуде тараптар ынтымақтастық байланыстарын жаңа деңгейге көтеруге келісті, деп хабарлайды Олий Мажлис заң шығару палатасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates