Тарихта тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл сапар Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңін бастап беріп, көпқырлы ынтымақтастықтың дамуына кең жол ашты.
Мемлекет басшысы кеше Улан-Батор қаласында Президент Ухнаагийн Хүрэлсүхпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Басты назар сауда-экономикалық және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту сынды өзара іс-қимылдың болашағы зор бағыттарына аударылды.
Келіссөздер қорытындысында Өзбекстан мен Моңғолия арасындағы Кең көлемді серіктестік қатынастарын орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойылды.
Президенттер жұбайларымен бірге екі елдің өнер шеберлерінің бірлескен концертін тамашалады.
Бүгін Мемлекет басшысы жұбайымен бірге «Их Тэнгэр» кешеніне барды. Президенттер мен бірінші ханымдар бірге ағаш отырғызды. Сонымен қатар дәстүрлі «Наадам» ұлттық ойындарын тамашалады.
Сапар шаралары аяқталғаннан кейін Өзбекстан Президенті Ташкентке қайтып оралды. Әуежайда мәртебелі меймандарды Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.












