Өзбекстан Президенті Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 23 сәуір күні Самарқанд қаласында жұмыс сапарымен жүрген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесу басында мәртебелі мейман Мемлекет басшысына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ең ізгі тілектерін жеткізді.

    Сұхбат барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы достық, жан-жақты стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қаралды.

    Барлық бағыттарда белсенді диалог пен жемісті алмасу жүріп жатқаны атап өтілді. Өзара тауар айналымы мен инвестиция көлемі артып отыр. Өңірлер мен жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында кооперация күшейіп келеді. Мәдениет, өнер, ғылым, білім, денсаулық сақтау, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық кеңеюде.

    Сондай-ақ тараптар аймақтық және халықаралық маңызы бар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    No date selected
    May 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates