Өзбекстан — Ресей: Болашағы зор келісімшартқа қол қойылды

    «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамында Ресейдің «Сталмост» АҚ компаниясының басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

    Кездесу барысында тараптар Қарақалпақстан Республикасының Қыпшақ ауылы маңында Әмудария үстіне құрылыс жоспарланған ұзындығы 412 метрлік теміржол және автомобиль біріккен көпірі құрылысына металл конструкцияларын жеткізіп беру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар «Шовот – Қараөзек жаңа теміржол желісін және Әмудария үстіндегі бірлескен теміржол және автомобиль көпірін салу» жобасы бойынша арнайы қосалқы құрылымдарды дайындау, өндіру, жеткізу және олардың орнатылуын бақылау туралы келісімшартқа қол қойды.

    Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың октябрь айында «Узбекистон темир йуллари » АҚ бас менеджері – бас инженері башылығындағы жұмысшы топ мүшелері Ресейдің жетекші металл конструкцияларын шығаратын бірқатар зауыттар қызметімен және мүмкіндіктерімен жақыннан танысты, деп хабарлайды «Узбекистон темир йуллари» АҚ баспасөз қызметі.

    Мәлімет үшін: «Сталмост» АҚ – ТМД мемлекеттері арасында кеңінен қолданылатын әртүрлі металл конструкцияларын өндіру бойынша жетекші кәсіпорын болып, теміржолдарда, автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарында, жерүсті көпірлерінде, сонымен қатар қала құрылысында қолданылатын әртүрлі металл конструкцияларын шығаруға маманданған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates