Осы беделді форумға 38 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысты.
Саммит аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және оны қаржыландыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты нығайту, жасанды интеллектті дамыту және денсаулық сақтау жүйесін интеграциялау сынды мәселелер талқыланды.
Өзбекстан делегациясы конференция қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформалар, соның ішінде экономиканы жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру, кедейшілікті азайту, цифрлық трансформация, «жасыл» экономиканы дамыту туралы толық ақпарат берді.
Саммит соңында декларация қабылданып, осыған орай Өзбекстан БРИКС серіктесіне айналды
Мәлімет ретінде айтар болсақ, БРИКС мемлекетаралық ассоциация болып, Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иран, Египет және Эфиопия елдерін бірлестіретін үкіметаралық бірлестік саналады.








